$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап, аман қалды

Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Жазатайым оқиға 22 тамызда сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болды. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті, деп хабарлайды  Наша Газета сайты.

Оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болды.

Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің жарақаты диагноздарын қойды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда бір жыл ішінде тұрғын үйдің терезесінен бала құлаған жетінші жағдай және облыс бойынша 13-ші жағдай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары