$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған 10 ауған азаматы ұсталды

Олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

БҚО полицейлері Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 тамыз “Учаске” жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. 

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық  сотына жолданатын болады, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары