24.08.2023, 21:30

ТЖ министрі «Қазақстан» шахтасындағы өртке қатысты толық және объективті тергеу жүргізуді тапсырды

Фото: t.me/qr_tjm
Шахтада өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.

24 тамызда Қарағандыда Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның кеңесі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сырым Шәріпханов тартылған сарапшыларды қажетті материалдармен, жобалау-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Шахтада өрт ошақтарын сөндіру және авариялық учаскеде гипс бөгеттерін салу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.