Бұл туралы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеді.
Оқу жылының ұзақтығына қатысты өз ойымды айтқым келеді. Осы мәселеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Педагогикалық қауымдастық ұсыныстарын да айтты. Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындау керек. Алайда мұндай өзгеріске тыңғылықты дайындалу керек. Менің ойымша, министрліктің шешімі дұрыс болды, бірақ асығыс қабылданды. Осыған байланысты келе жатқан оқу жылын 34 апталық оқу жылына қайтарып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін, - деді Дүйсенова тамыз кеңесінде.