$ 443.35  475.54  4.82

Шавкат Мирзиёев қызын көмекшісі етіп тағайындады

Ойбек Тұрсыновпен некеде, үш баласы бар.
Фото: XS.UZ
Фото: XS.UZ

Өзбекстан Президентінің Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл жайында ӨР Президенттің ресми сайтынан мәлім болды.

Онда Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның да Президент көмекшісі болып тағайындалғаны жарияланған.

Саида Шавкатқызы - өзбек саясаткері, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы.

1984 жылы 4 қарашада Өзбек КСР Қоқан қаласында туған.

2019 жылы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылдан Президент Әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

Ойбек Тұрсыновпен некеде, үш баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары