$ 443.37  474.49  4.83

Желіде белгісіз ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан видеосы пайда болды

Бұл оқиға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болғаны анықталды.
Фото: zhaikpress
Фото: zhaikpress

Желіде белгісіз ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода әйелдің ұлы белгісіз ер адам анасын сыртқа алып шығып, оны аяусыз ұрып жатқанын айтып, көмек сұрайды. Бұл оқиға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болғаны анықталды.

Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Белгісіз ер адамның Қарқаралы ауданы тұрғынына қатысты жасалған шабуыл дерегі полицияда тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары