$ 439.4  473.54  4.76

Жәнібек Әлімханұлы маңызды кездесудің алдында жаттықтырушысын ауыстырып тастады

Ол әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон секілді танымал спортшыларды шыңдаған бапкер еді.
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушысын ауыстырды. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz 

Қазақстандық кәсіпқой боксшыны бұған дейін америкалық Бадди Макгирт жекпе-жектерге дайындап келген. Ол әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон секілді танымал спортшыларды шыңдаған бапкер еді. Енді отандасымызды Брайан Вилория есімді америкалық маман жаттықтырады. 

Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық! Брайан әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық! Алла берекелі етсін!, - деп жазды боксшы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары