27.08.2023, 13:30

Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингінде көш бастады

Фото: Max Avdeev/World Chess
Бұл туралы Қазақстан шахматшылар федерациясы мәлім етті.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде жеңіске жетіп, Қазақстанның шахматшылар рейтингінде үздік атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абу-Даби фестивалінде әйелдер арасында 1-орынды Бибісара Асаубаева иеленді (мүмкін болған 9 ұпайдан 5,5 ұпай, жалпы рейтингте 22-орын). Бұл нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшылар рейтингінде 1-орынға шығарды.

Қазақстандық қатысушылардан құралған «Masters» тобында ерлер арасындағы үздік нәтижені Арыстанбек Оразаев көрсетті. Ол 9 ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластармен өткен екі соңғы жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстер балл нормасын орындауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ әйелдер турнирі («Ladies») мықты құрамды жинады. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынды иеленді. Анель Мұратованың (Алматы) еншісінде 5,0 ұпай бар, ол жалпы есепте 10-орында.