27.08.2023, 17:30

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы өрт: Жаңа деректер белгілі болды

Фото: ekaraganda.kz
Шахтада 187 адам болған.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «Саран» шахтасындағы өртке қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған. Өрт 01:55-те басталған. Ол кезде шахтада 187 адам жұмыс істеген, төртеуі кенжарда болған.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы тағы бір шахтадан өрт шықты

Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлық адамдар шахтадан шығарылды, өрт таңғы сағат 04:00-де сөндірілді, - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметі.