Әне-міне дегенше жадыраған жаз мезгілі де аяқталуға таяп қалды. Skifnews.kz ақпарат порталы күздің бірінші айында жұлдыз белгілерін не күтіп тұрғанына шолу жасап көрді.
Тоқты. Қыркүйек айында Тоқтыларды көп қызықтар күтуде. Жаңа таныстар мен қызығушылықтар пайда болады. Олардың бәрінің Тоқтылар үшін үлкен пайдасы бар.
Бұл айда қызметте қиындықтар мен қауіп-қатер туындайды. Десе де олардан дін-аман шығуға жаңа таныстар себін тигізеді. Ал Тоқтылардың тумысынан айналасындағылармен жеңіл тіл табысуы бұл уақытта баға жетпес қасиет ретінде танылмақ.
Қыркүйекте қаражатыңызды қатаң бақылауда ұстағаныңыз ләзім. Тоқтылар қызмет атқаратын мекемеде қаржыға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Ол өз кезегінде жалақының уақытылы берілуіне ықпал етеді. Сол себепті бұл айда несие алмауға тырысыңыз.
Жалғызбасты Тоқтылар бәріне дайын болуы керек. Бастысы, алтыннан бағалы сәтті өткізіп алмаңыз.
Торпақ. Осы жылдың қыркүйек айы Торпақтар өміріне түбегейлі өзгерістер әкеледі. Олар алдарына қойған мақсаттарының бірқатары орындалғанын түсініп, жаңа белестерді бағындыруға бел шешеді. Бұл ретте әу-бастан бағытыңызды айқындап алуға кеңес береміз, өмірдегі жолыңыз таңдаған бағытыңызбен етене байланысты.
Бұл айда Торпақтардың қаржысында бәрі бұрынғыша қала бермек. Аталған жұлдыз белгісінде туған адамдарға қалтасын қалыңдату үшін бар ынта-шынтасымен кірісер істі таңдау керек. Бұл ретте рухани ләззаттың да қалыс қалмағаны абзал.
Торпақтардың күздің алғашқы айындағы махаббаты «ана мен бала» ойынын еске салады. Себебі бұл уақытта торпақтар ерекше махаббат пен қамқорлықты қажетсінетіндіктен, олардың серігіне ана рөлін атқаруға тура келеді. Торпақтар аздаған уақыт болсын өздерін бала сезініп, жылу мен қамқорлыққа бөленгісі келеді.
Егіздер. Қыркүйекте егіздер қызуқандылыққа бармай, саяхаттан бас тартып, сүйіктісімен ұрыс-керістен аулақ болғаны жөн.
Бұл айда алыс сапарға аттануды жоспарламауға тырысыңыз әрі оны кейінге қалдырыңыз. Ай бойы толығымен жұмысқа берілгеніңіз дұрыс. Оған қоса өзгелерден көмек күтпей, тек өз қажыр-қайратыңызға сеніңіз.
Ұжымнан бөлек өздігіңізбен жұмыс істеуіңіз күздің алғашқы айында қомақты табыс табуыңыза сеп болады. Ол үшін бар күш-жігеріңізді жиып, белгілі бір саладағы жұмысқа жұмсап, өзіңізді де, уақытыңызды да аямаңыз. Бұл ретте Егіздердің бойындағы жауапкершілік пен жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға қабілеттілігі көмекке келмек. Соның арқасында мол табысқа кенеліп, мансабы жоғарылайды.
Ал махаббат мәселесінде қыркүйек айы – тыныштық уақыты. Өткен айларда қызық-құмарға батып, басы артық әрекеттерге жол беруіңіз себепті сүйіктіңізбен араңызда салқындық орнайды. Мәселенің екі шешімі бар: не сүйгеніңіздің ренішін жазуға тырысыңыз, не өткенді ұмытып, өзге адаммен қол ұстасуға барыңызды салыңыз. Алайда жұлдыздар бұл айда басталған қарым-қатынастың ұзаққа созылмасын ескертеді.
Шаян. Осы жылдың қыркүйек айы – шаяндар үшін қызметінде де, жеке өімірінде де табандылық танытатын уақыт. Бұл айда алға нық қадам басу үшін күш-қайратыңызды түгелдей жию керек болады. Нақты әрекет жоспарларын құрып, қандай жағдай туса да жоспарыңыздан ауытқымаңыз. Сонымен қатар маңайыңыздағылардың көмегін күтпестен, жеке-дара әрекеттенуге талпыныңыз.
Бұл айда Шаяндар санасында жұмысы мен шығармашылық қызметіне қатысты жаңа ойлар туындайды. Алғашқы уақытта олар айтарлықтай нәтиже беруі мүмкін. Тіпті, бастаған ісі жемісті болмаса да, мақсатына жетпей тынбайтын Шаяндар қолға алған ісін жарты жолда қалдырмай, ойдағысын түгелдей жүзеге асыруға тырысады. Нәтижесінде мол табысқа кенеледі.
Сүйіктісімен арадағы қарым-қатынас Шаяндардың табандылығына байланысты. Қажыр-қайратын, сезімін, шығармашылық қабілетін, дарындылығына көрсете білсе, махаббат отын маздатып, қалаған қарым-қатынасқа қол жеткізеді.
Арыстан. Күздің алғашқы айында Арыстандарға өткенінен сабақ алып, сана сарабынан өткізіп, өмірі мен қызметінде жаңа кезеңге қадам басуға тура келеді. Осы күнге дейін ойға алғандарының бәрі жүзеге асқанын түсінген бұл жұлдыз белгісі өкілдері асқан шаттық, қуанышқа бөлене қоймайды. Себебі оларға мақсатсыз өмірдің қызығы жоқ. Алайда араға біраз уақыт салып жаңа шыңдарды межелеп, күндері қайта қызыққа толады.
Арыстандардың қаржылық ахуалында өзгеріс күтілмейді. Бірақ маңайында өзі жайлы өрбіген өсек-аяң беделіне нұқсан келтіреді. Оған шамданғанымен, құр сөзге бола уақыт жұмсамағанды жөн көріп, өміріндегі дәл қазір маңызды іске бар күш-жігерін салады.
Ал жеке өміріне келер болсақ, қыркүйек айында махаббат машақатына бос уақыт табылмайды. Бұл айда Арыстандардың бар назары қызметіне ауған. Десе де жаңа таныстар пайда болып, сезімге толы кездесулерге барғанымен, екі тарап үшін де маңызды болмақ емес.
Бикеш. Осы жылдың қыркүйегі – Бикештер үшін белсенділік пен жаңа таныстық айы. Оған қоса бұған дейін қолға алған жобалары жемісін береді. Алайда жұлдыздар сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды сақтауға барды салуға кеңес береді.
Бұл ай – Бикештерге алға ұмтылып, арман-мақсатына қол жеткізуге қолайлы. Іс-әрекетіңіздің дұрыстығына шүбә келтірмей, батыл шешім қабылдауға тайсалмаңыз.
Қыркүйекте бастаған жоспарлары мен істері оң нәтиже беріп, аз болғанымен тұрақты табыс әкеле бастайды. Бұл заңды құбылыс. Себебі қашанда үлкен істің барлығы кішіден басталады. Қуанышыңызға орай таныстарыңыздың басын қосатын кеш ұйымадастырып, алғыс білдіруді ұмытпағаныңыз ләзім.
Қыркүйекте Бикештердің бар ойы жоспарлары мен оларды жүзеге асыру жолдарына ауып, уақыт бөлмеуі себепті жақын адамының қарым-қатынастарына нүкте қоюды ұйғарғанын аңдамауы да мүмкін. Бұл жағдайда дұрыс шешім қабылдап, қиындықтан шығу жолын ойластырған жөн. Себебі сүйгенімен қош айтысу Бикештердің жан-әлеміне ғана емес, қолға алған жобаларына да әсерін тигізбей қоймайды.
Таразы. Таразы жұлдыз белгісі үшін қыркүйек айы қуанышқа толы болмақ. Оның себебі де аз емес. Бұл айда достарыңызбен, әріптестеріңізбен, жаңа серіктестермен кездесесіз. Және кездесуердің қай-қайсында болмасын ел назары сізге ауады. Ал бойыңыздағы дұрыс қарым-қатынас орната білетін, өзгені өзіңіздей түсіне білетін қасиетіңіз себепті беделіңіз арта түседі.
Бүгінгі күнге дейін тынбай тер төккен жобаларыңыз дәл осы айда жемісін береді. Өткен айларда кәсіби біліктілігіңізді көрсетіп, аянбай еңбек етсеңіз, қыркүйекте еңбегіңіздің зейнетін көріп, ләззатына батасыз.
Бұл айда жеке өміріңіздің аспанында бұлт түнеріп, салқындық орнайды. Болған жайда ештеңені де түбегейлі өзгертуге тырыспаңыз. Ең дұрысы сабыр сақтап, бұл уақыттың да баста мәңгі тұрмасын есте ұстаңыз.
Сарышаян. Қыркүйек айында Сарышаяндар бойында көшбасшылық қабілет оянады. Оған қоса жолында ойы бір адамдар ұшырасып, алға қойған мақсатына қол жеткізуге көмектеседі. Ондай адамдарға жолығып, кеңес алу үшін алыс сапарға аттануыңыз да мүмкін.
Бұл айда Сарышаяндар осы күнге дейін тер төккен еңбегінің жемісін көріп, қалтасы қалыңдайды. Оған қоса айналасындағыларға дарыны мен мүмкіндіктерін көрсете алады. Нәтижесінде қаржылай тұрғыда ғана емес, рухани ләззатқа да кенеледі. Қуанышыңызды жақындарыңыз, достарыңызбен бөлісіп, думандатқаныңыз да артық етпес.
Жеке өміріңізде айтарлықтай өзгерістер орын алмайды. Сүйіктіңізбен араңыздағы қатынас тұрақты болмақ. Одан бөлек, жақын адамыңыздың қаншалықты сенуге тұрарлық жан екенін, оның сізге көрсеткен қолдауын түсініп, сезіміңіз арта түседі. Ал жалғызбасты Сарышаяндар күздің алғашқы айында өмірлік серігін жолықтыруы мүмкін.
Мерген. Осы жылдың қыркүйек айы – Мергендерге қызметінде беделі артып, айналасындағылардың сеніміне ие болу үшін қолайлы уақыт. Көптеген Мерген білімін жетілдіруді мақсат етіп, қалауына сай білім ордаларын іздеуге кіріседі.
Бұл ай аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін үйлесімділікке толы болмақ. Әріптестерімен тіл табысып, тіпті, жаңа ортада да жанындағылардың сеніміне кіре алады.
Бұл айда Мергендер мансабы жоғарылау үшін білімінің жеткіліксіздігін түсінеді. Сондықтан көбі білімін жетілдіруге ден қояды. Ал оны жөн көрмеген Мергендер кәсіби біліктілігі жоғары маманға жолығып, тәжірибесін арттырады. Бәрінің де қызметтеріне ықпал етері анық.
Қыркүйек айында махаббат мәселесі тек қуаныш сыйлайтын болады. Сүйіктіңізбен араңызды ерекше сыйластық пен түсіністік орнап, бір-біріңізді сөзсіз түсінет күйге жетесіздер. Нәтижесінде көптеген Мерген қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеріп, шаңырақ көтеруі мүмкін.
Тауешкі. Қыркүйекте Тауешкілер мақсатына жету жолында білімін арттыруға, тәжірибе жинауға ден қояды. Бұл жаңа ойларды жүзеге асыруға таптырмас уақыт. Ал маңайыңыздағылар бойыңыздағы табандылық, сенімділік пен күш-жігеріңізді байқап, қадіріңіз артады. Сондықтан Тауешкілер өзін әлем патшасындай сезінеді.
Күздің бірінші айында Тауешкілер кәсібін дөңгелету үшін жеткілікті білімге иеленбегенін түсінеді. Нәтижесінде білім алуға кірісіп, кәсіби біліктілігін арттыруға талпынады. Мұның барлығы кәсібіне де, қаржы жағдайына да ықпал етеді. Олардың табысы адамдарды магнитше тартып, Тауешкілердің кәсіби шеберлігіне таңданады.
Бұл айда Тауешкілер өмірлік махаббатын жолықтырады. Бір-біріне жақындай бастаған сәтті ішкі түйсіктерімен сезініп, арманындағы серігінің бейнесін түсінде көруі мүмкін. Ал біраз уақыттан кейін көптен күткен кездесу өңінде орындалып, бір көргеннен-ақ оның тағдыр жолдаған адам екенін сезінеді. Араларындағы қарым-қатынас жеңіл әрі жағымды болып қана қоймай, мәңгілікке ұласады.
Суқұйғыш. Осы жылдың қыркүйек айында Суқұйғыштардың қызметінде қиындықтар туындайды. Жағдайды бірқалыпты ұстау үшін күш-жігеріңізді аямауға тура келеді. Бұл айда демалыстан сергіп келген Суқұйғыштар өмірінің басқа салаларына уақыт таппай, тек жұмысқа ғана ден қояды. Десе де нәтижесінде кәсіби біліктілігіңізді арттыру мүмкіндігіне ие боласыз.
Өткен айлармен салыстырғанда қыркүйекте қаржылық өзгерістер байқалмайды. Оған қоса қаржы жағдайын осы қалпында сақтау да қиындай түспек. Бұл үшін көп күш салуға мәжбүр боласыз. Не де болса жағдайды назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз.
Бұл айда Суқұйғыштар айналасындағылардың махаббатына бөленеді. Ал жалғызбасты Суқұйғыштар жалғыздықтан арылып, арманындағы жанды кезіктіреді.
Балықтар. Балықтар үшін қыркүйек айы жағымды өзгерістерге толы болмақ. Десе де аспаныңыз үнемі бұлтсыз болады деп ойламаңыз. Ол үшін жабығудың да қажеті жоқ. Себебі адам жамандықсыз жақсылықтың қадірін білмес еді.
Ал қаржы жағдайына келер болсақ, бұл уақыт Балықтар үшін жемісті болады. Олардың санасында көптеген жаңа ой туындап, іске асуының нәтижесінде байлыққа кенелтіп, беделін көтереді. Бұл айда қолға алған ісіңіздің бәрі сәтті әрі табысты сипат алмақ.
Қыркүйек айында Балықтар жүрген жолдың бәрінде жаралы жүрек іздері қалмақ. Аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің тартымдылығы, сұлулығы сонша, оларға ғашық болмау мүмкін емес. Оған қоса дәл осы айда Балықтар махаббатын жолықтырып, мәңгілікке қол ұстасады.