$ 447.4  477.55  4.76

Павлодарда қар құрсауында қалып қойған 167 адамның азық-түлігі таусылуға айналды

Екібастұз қаласының іргесіндегі Шидерті ауылында қар құрсауында қалған 167 адам екі күннен бері жолға шыға алмай отыр. Жолаушылардың тамақтанатын ақшалары таусылып біткен. Жақын маңдағы дәмханаларда да азық-түлік жоқтың қасы деп жазады Tengrinews.kz. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жолдардың қашан ашылатынын өздері де білмей отыр. Бәрі де ауа райына байланысты дейді олар.

ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, Шидерті ауылына кеп тірелген 3 автобус, 3 жеңіл көлік және 55 жүк көлігі жолға шыға алмай отыр. Жолаушылар арасында кішкентай төрт бала бар. Қазіргі таңда мамандар 22 адамды Павлодар-Қарағанды бағытында жүретін пойызға салып жіберіпті. Тағы 22 адам Қаныш Сәтпаев атындағы демалыс үйіне орналасқан. Ал, 42 адам ауыл мектебін паналап отыр.

Қар құрсауында қалғандар ақшаның да, тамақтың да бітіп жатқанын айтады. Ал, облыстық ТЖД мамандары болса олардың тегін ас-ауқатпен қамтылғанын айтып отыр. Тіпті, сол маңайға дәрігерлер бригадасын да апарып қойдық дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары