$ 443.85  474.3  4.8

Алматы – Қорғас тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды

Алматы – Қорғас тас жолының 36-шы шақырымында Audi автокөлігі мен Merсedes Sprinter микроавтобусы соқтығысты деп хабарлайды patrul.kz порталы.

"Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік мыжылып, түкке жарамай қалған. Ал, оның жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмдардың үшеуі де 22-ге жаңа толған жас жігіттер", – деп жазады аталған портал тілшілері.

Ал, микроавтобустың жүргізушісі мен жолаушылары – барлығы он адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Олар Есік қаласының ауруханасына жеткізіліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары