27.08.2023, 22:30

Қарағанды ​​облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Фото: pixabay
Қызыл жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрады.

Қарағанды облысында шыққан өрт салдарынан тоғыз бірдей ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шет ауданының Қошқарбай ауылында трансформатордан өрт тұтанған. Қызыл жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрады.

Нәтижесінде 9 ауылда жарық сөнді: Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.