$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстаудағы шатқалды бүлдірген ақтөбелік шенеуніктің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Қазіргі таңда кезекті еңбек демалысында.
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тарады. Ер адамның Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры екені анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Nur.kz жазуынша, видеоны Instagram-дағы парақшасында ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады. Кадрда – Маңғыстау облысы Ыбықты Сай шатқалында ер адам жартасқа жазуды балтамен ойып жазып жатқанын көруге болады. Ескерту! Видеоада бейәдеп сөздер бар. 

Жазбаға жазған пікірлер арасында облыстық ПД өкілдері осы факті бойынша тәртіп бұзушының жеке басын полиция анықтап жатқанын хабарлады. Кейін бүған қатысты әкімшілік хаттама толтырылатынын мәлімдеді. Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ресми парақшасынан да болған оқиғаға қатысты пікір берілген.

Бейнежазбада көрсетілген адам - бюджеттік мекеменің басшысы. Қазіргі таңда кезекті еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады, - делінген хабараламада.

Ал қазіргі уақытты Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі видеодағы ер адамның аты-жөні мен лауазымын жариялады. Ведомство ақпаратынша, видеода Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев түсірілген. 

Ақтөбе қалалық мәдениет басқармасы Манас Көшербаевтың 2022 жылдың қазан айынан бері директор жұмыс істегенін атап өтті.

1 тамыздан бастап ол кезекті еңбек демалысында. Ол 28 тамыздан бастап директордың міндетін атқарушы қызметкер ретінде қайта жұмысқа кіріседі. Жұмысқа оралғаннан кейін қандай факті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Маңғыстауда орын алған оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады, - деп хабардар етті қалалық мәдениет басқармасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары