28.08.2023, 15:20

Бұршақ жаууы мүмкін: Алдағы күндері күн қатты суытады

Фото: pixabay
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай болып, жел тұрып, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін. 

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында  жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде күтіледі, түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады, содан кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде 10-15 жылыға дейін, күндіз 20-25 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.