Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды.
Жедел басқару орталығының камералары ережеге бағынбаған Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Hyundai автомобильдерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz хабарлауынша, жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.