Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
28 маусым күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.