$ 442.05  474.14  4.74

Рамазан Оразов Словенияның «Копер» футбол клубына ауысты

Ол ұлттық құрама сапында 2021 жылдан бері тоғыз ойынға қатысты.
Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов Словенияның «Копер» футбол клубына ауысты. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Словениялық клуб бұл жаңалықты өзінің инстаграмм желісіндегі ресми парақшасында жариялаған креативті бейнежазба арқылы жеткізді.

Онда футболшының команданың клубтық дүкенінен жейдені алып, үстіне кигеннен кейін стадион алаңына беттеп бара жатқаны түсірілген. Бейнежазбаға қосымша «Кім екенін табыңыз» деген жазба қалдырылған. Бұл жұмбақ кейіпкер - 25 жастағы Рамазан Оразов болып шықты.

Айта кетсек, қазақстандық футболшы Қостанайдың «Тобыл» командасы сапынан словениялық клубқа ауысты.

Рамазан Оразов 1998 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін еліміздің «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақсу», «Тобыл», Латвияның «Даугавпилс» және Ресейдің «Чайка» клубтарында ойын көрсетті.

Ол ұлттық құрама сапында 2021 жылдан бері тоғыз ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары