29.08.2023, 09:20

Қызылорда маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

28 маусым күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.