$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада он жыл бұрын шетінеген сәбиге лагерьге жолдама берген

Бейбарыс Дәуренұлының E-gov порталындағы өтініші мақұлданбағаны, демалушы балалардың тізімінде жоқ екені анықталған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қызылорда облысында осыдан 10 жыл бұрын шетінеп кеткен сәби мектеп жанындағы лагерьге жолдама "алған", деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сүйенсек, Арал қаласындағы №220 мектеп басшылығы шетінеген сәбиге лагерге жолдама берген.

Жұрттың наразылығын тудырған жайғдайға Арал аудандық білім бөлімі түсініктеме берді.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы жазғы тынығу лагеріне №220 орта мектебінен 90 баланың тізімі жасақталған. Жолдама алу үшін E-gov порталына тіркеу барысында мектептің әлеуметтік педагогы Ақтоты Құлмырзаева жауапты ата-ананың өтінішіне сәйкес электронды кілті арқылы жеке кабинетіне кірген. Содан кейін №220 орта мектебінің 1 «в» сыныбының оқушысы Заңғар Дәуренұлын тіркеу үшін өтініш жіберудің орнына, қателесіп отбасы тізімінде тұрған 2013 жылы қайтыс болған бауыры Бейбарыс Дәуренұлының атынан қате сұраныс жүргізген. Негізі E-gov порталында бала дүниеден өтсе де аты-жөні жанұя құрамының тізімінде тұрады. Дегенмен, сол мезетте қате жібергенін көріп, тынығу лагеріне баруға тиіс Заңғар Дәуренұлын қайта тіркейді. Қажетті құжаттама дайындалып, оқушы лагерьге жіберілді. Алайда, қайтыс болған баланың өтініші кейін қайтарылмай, порталда қалып қойған, - деп мәлім етті Арал аудандық білім бөлімінен.

Бейбарыс Дәуренұлының E-gov порталындағы өтініші мақұлданбағаны, демалушы балалардың тізімінде жоқ екені анықталған.

Оған тынығу лагеріне қатысты ешқандай қаражат қаралмағаны анықталды. Құжаттардың барлығы заңға сәйкес рәсімделген. Жиын қорытындысы бойынша тіркеу барысында жауапты маманның баланың аты-жөнін шатастырып алғаны расталды. Нәтижесінде №220 орта мектебінің директоры Әліби Әбілбаев және әлеуметтік педагог Ақтоты Құлмырзаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айым Сейіловаға «қатаң сөгіс» жарияланды, - делінген хабарламада.

Дереккөз: Ulysmedia.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары