26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесіндегі «Артем» сауда үйінің маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елордалық полицияның жеке құрамы бірден қылмыскерді іздеуге жұмылдырылған. Екі ер адамның арасында кикілжің туындап, соңы төбелеске айналғаны анықталды. Төбелеске қатысушылардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде қаза болған.
Қылмыстың куәгері полицейлерге күдіктінің қай бағытқа қашып кеткенін айтқан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа мінгенін және оның бағытын анықтаған, - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктіні патрульдік полиция қызметкерлері Лесозавод ауданында ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Астана қаласының полиция департаменті қылмыскерді табуға көмектескен елорда тұрғындарына алғыс білдірді.
Дереккөз BAQ.KZ