$ 494.87  520.65  4.91

Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілерге шектеу қоюды қолдады

Мысал ретінде министр Вашингтонды келтірді.
Фото: GOV.KZ
Фото: GOV.KZ

Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, астанада әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар жетіспейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Кеше КТК телеарнасында Астанаға келетін азаматтарды шектеу туралы видео шықты. Сіздің комитеттегі басшы осы позицияны қолдап, сөз сөйледі. Жалпы сіз Астанаға көшіп келушілерді шектеуге қалай қарайсыз?» – деп сұрады журналистер Дүйсеновадан үкімет кулуарында.

Ulysmedia.kz жазуынша, сұраққа жауап берген Тамара Дүйсенова “бұл халықаралық тәжірибе екенін, әрбір мемлекеттің астаналары азаматтардың санын белгілі болады да, сол санға қарап инфрақұрылым салатынын” хабарлаған. 

Сондықтан, қазіргі таңда бұл мәсесе дұрыс шығар деп ойлап тұрмын. Себебі мектеп, медицина саласы, жалпы әлеуметтік инфрақұрылым толық даяр емес. Егер әлеуметтік инфрақұрылым толық даяр болса, қажетті мүмкіндіктер болса, адамдар санын көбейтуге болады. Сондықтан, қазір таңда Астана қаласындағы жалпы инфрақұрылымды есепке ала отырып, мұны мен дұрыс шешім деп есептеймін, – дейді ол.

Мысал ретінде министр Вашингтонды келтірді. Айтуынша, ол елде бес қабаттан артық үйлерді салуға тыйым салынған.

Қазір қандай жағдай болып тұр? Қазір бір үйде бес-алты отбасы тұрып жатыр. Олардың әлеуметтік жағдайы нашар. Сондықтан, жалпы инфрақұрылым дұрыс болуы керек, - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары