$ 443.35  475.54  4.82

Ақтау тұрғыны Каспий теңізіне экскаватормен кірген (ВИДЕО)

29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Каспий теңізіне жүргізушінің экскаватормен кірген сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды,- делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары