29.08.2023, 17:00

Шымкентте жеңіл көлік өртеніп кетті

Фото: otyrar.kz
Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Аталмыш оқиға кеше кешкісін орын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Арғынбеков көшесі бойында «Mersecedes-Benz» маркалы жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кеткен. Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды, деп жазды Қалалық ТЖД.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің тұтану себебі анықталып жатыр.