$ 443.44  480.51  4.88

Жас таэквондошылар әлем чемпионатында бірнеше жүлдеге ие болды

Аталған әлем чемпионаты 31 тамызда аяқталмақ.
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы шықты. Қазақ спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 – алтын, 3 – күміс және 1 – қола жүлде бар. 
 
Бауыржан Исамедин (категориясы 164 см-ге дейін) және Таисия Боровикова (164 см) алтын медаль алды. Күміс жүлдегерлер - Нұрперзент Саматұлы (160 см), Назерке Жаңаберген (144 см) және Әділет Шері (156 см). Қола жүлдені Дінмұхамед Толыбай (152 см) жеңіп алды.

Жеткіншіктерімізді әлемдік біріншілікте табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын, бұл өте жақсы нәтиже. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді,  алдағы жарыс күндерінде де еліміздің құрамасына сәттілік тілеймін, - деп атап өтті ҚР МСМ Спорт комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Аталған әлем чемпионаты 31 тамызда аяқталмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары