$ 495.2  522.34  4.94

Алматының 150-ден астам кәсіпкері тегін заңгерлік кеңес алды

Акция «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары шеңберінде жүзеге асырылды.
Фото: Алматы Антикор
Фото: Алматы Антикор

Алматыда кәсіпкерлерге тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акция өткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шараны қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» ӨКП Алматы филиалы ұйымдастарды.

Акция «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары шеңберінде жүзеге асырылды.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың басшылары мен білікті заңгерлер 268 бизнес субъектісі орналасқан «FORUM» сауда-ойын-сауық орталығында кеңес берді.

Көптеген мәселе кеден бекеттерінің өткізу қабілеттілігі, жүктерді ресімдеу, жер қатынастары және құрылыс кезіндегі артық құжаттама бойынша көтерілді.
Біз кәсіпкерлердің алдында тұрған әкімшілік кедергілерді анықтау және жүйелі түрде жою арқылы бизнестің мемлекетпен қарым-қатынасын барынша жеңілдеткіміз келеді. Бұл акция кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қоюға көмектеседі деп сенемін, - деді Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алдын алу басқармасының басшысы Қанат Салимбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары