$ 484.11  528.79  5.03

Алматы қаласының комплаенс-офицерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын қолдады

Кеңеске квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.
Фото: Алматы Антикор
Фото: Алматы Антикор

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде комплаенс қызметкерлерін оқыту бойынша семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Семинар барысында тәжірибелі комплаенс-офицерлер жас мамандармен практикалық жұмыс дағдыларымен бөлісті.

Кеңеске квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев тамыз айынан басынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылғанын, мақсаты белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке волонтер ретінде тарту болып табылатынын атап өтті.

Жоба аясында еріктілер қоғамдық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулерді, кәсіби көмекті және корпоративтік волонтерлікті қамтамасыз ету арқылы өз үлестерін қоса алады. Спикер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жобаға қосылу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жасауға үлес қосуға шақырды.

Бүгінгі таңда қалада 400-ден астам квазимемлекеттік сектор ұйымды жұмыс істейді, оларда 100% корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары