Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылығының Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы академиясында біліктілігін арттырудан өтіп жатқан жедел-тергеу бөлімшелерінің жас қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне адалдық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды түсіндіру бойынша жұмыс ерекше орын алатынын, онсыз заңның сақталуы мүмкін еместігін атап өтті.
Біз бүкіл қоғамда, бірақ, бірінші кезекте, мемлекеттің имиджін қалыптастыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға сенеміз, - деді Антикор басшысы.
Кездесу барысында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер кешені түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы таныстырылды.