Алматылық есірткі қылмысымен күресушілер жедел және арнайы іс-шаралар барысында есірткі сатушыны анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол - 1994 жылы туған Г. есімді азамат, Алматы қаласының тұрғыны, интернет-дүкеннің әкімшісі болып жұмыс істейді.
Біздің жедел деректеріміз бойынша, ер адам қосымша синтетикалық заттарды байланыссыз әдіспен сатумен айналысқан. Күдікті өз үйінің ауласында жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ, қызғылт, жасыл және сұр түсті ұнтақ заты бар 8 полиэтилен байламы, 2 электронды таразы, орауыш қаптар, пневматикалық тапанша табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық және психотроптық «Мефедрон», «Альфа-PVP» заттары болып табылады. Күдікті есірткіні одан әрі сату мақсатында ай сайын интернет арқылы сатып алатынын айтты, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Ұсталған азамат Алматы қалалық ПД-нің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.