$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта қысылып қалған

Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан шығара алмағандықтан, құтқарушыларды көмекке шақырған.
Фото: Шымкент ТЖД
Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте үш жасар бала қолын электр еттартқышқа салып алған, - деп хабарлайды Skifnews.kz қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Сайрам елді мекеніндегі № 3 қалалық ауруханасында ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр еттартқыштан алып шығу үшін бірегей операция жүргізді.

Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолы электр еттартқышқа қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен. Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан шығара алмағандықтан, құтқарушыларды көмекке шақырған.

Ата-ананың айтуынша, бала құрылғыны пайдалану кезінде жақын жерде жүрген. Нәтижесінде аталмыш оқыс оқиға орын алған.

Құтқарушылар дәрігерлермен бірге операция жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері апаттық-құтқару құралының көмегімен еттартқыш корпусын мұқият кескен. Ал баланың қолын босату үшін оған анестезия салған.

Қазір бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қауіпті заттардың жанында қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары