31.08.2023, 20:30

Ақтаудағы концертте 200-ден астам бала жоғалып кеткен

Видеодан алынған кадр/ Өңірлік коммуникация орталығы
Республикаға танымал әнішілер өнер көрсеткен концертті тамашалауға барғандардың қатары көп болған.

Ақтауда өткен концертте полицейлерге 200-ден астам баланың адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірдегі ірі мұнай компаниясы мерейтойына орай 30 тамыз күні теңіз жағалауындағы амфитеатрға концерт өткізген. Республикаға танымал әнішілер өнер көрсеткен концертті тамашалауға барғандардың қатары көп болған. Іс-шараны көруге барған 200-ден астам баланың адасып қалғаны туралы полицейлерге хабарлама түсті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 200. Адасып кеткен балалардың ең кішісі 3-те, үлкені 15 жаста болды. Олардың барлығы табылып, ат-аналарына аман-сау тапсырылды. Ауа райының салқындауына байланысты жеткіншектер тоңып қалмау үшін автобуспен жақын маңдағы учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды іздеп, табу 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақытты алды, - делінген баспасөз мәліметінде.