01.09.2023, 05:30

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Фото: pixabay
2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым күні Лондондағы "Уэмбли стадионында өтеді.

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Негізгі кезеңге шыққан 32 команда 8 топқа бөлінді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі бірінші ойындар 19-20 қыркүйекте басталады. Топтан ең көп ұпай жинаған екі команда плей-оффқа өтеді. Үшінші орын алған команда Еуропа лигасында жарысты жалғастырады.

А тобы: "Бавария", "Манчестер Юнайтед", "Копенгаген", "Галатасарай";

В тобы: "Севилья", "Арсенал", ПСВ, "Ланс";

С тобы: "Наполи", "Реал", "Брага", "Унион Берлин"; 

D тобы: "Бенфика", "Интер", "Зальцбург", "Реал Сосьедад";

Е тобы: "Фейеноорд", "Атлетико" (Мадрид), "Лацио", "Селтик";

F тобы: "Пари Сен-Жермен", "Боруссия" (Дортмунд), "Милан", "Ньюкасл"; 

G тобы: "Манчестер Сити", "Лейпциг", "Црвена Звезда", "Янг Бойз";

H тобы: "Барселона", "Порту", "Шахтер" (Донецк), "Антверпен".

2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым күні Лондондағы "Уэмбли стадионында өтеді.