$ 474.72  515.17  5.58

Президент Әкімшілігінде бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 
Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
 
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

– Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;

– Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;

– Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;

– Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;

– Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;

– Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;

– Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан;

– Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

– Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;

– Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;

– Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;

– Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары