$ 442.05  474.14  4.74

«Сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылуда»: Министрлік ақпаратқа түсінік берді

Ет жедел түрде тәркіленіп, өлген мал жойылды.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасын жұқтырған мал еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Қазақстанда сауда сөрелеріне сібір жарасын жұқтырған малдың еті түскені туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақмола облысының Қосшы қаласында сібір жарасы ошақтарының болуы туралы хабарлама да – жалған

, - деп мәлім етті министрліктен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылының 12 тұрғынында түйнеменің (сібір жарасы) терідегі түрі тіркелген болатын. Барлық науқас медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ал ауылдан ауылшаруашылық өнімдерін шығаруға тыйым салу мақсатында жолдарға бекеттер қойылды. Карантин жарияланды.«Үшқарасу» ЖШС мал шаруашылығы кәсіпорнының директорынан малдың қырылғаны туралы хабарлама 28 тамызда түскен. Ет жедел түрде тәркіленіп, өлген мал жойылды.

Қазір Жарқайың ауданында СЭҚ, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, сондай-ақ ветеринария басқармасы қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы жүр. Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жүргізілді, әрі қарай зерттеу үшін топырақ пен жерасты суларының сынамалары алынды.Ауылға 1,7 мыңнан астам доза вакцина және 900 мың мл дезинфекция құралдары, сондай-ақ ошақты тексеру және жою үшін қажетті барлық арнайы техника жеткізілді. Жергілікті жерде «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» РММ-нің 9 маманы жұмыс істеп жатыр.Залалды бағалау және аурудан өлген мал үшін өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Мемлекеттік органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр, - делінген министрлік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сібір #ет