Қазақстандық «Астана» командасының қатысуымен өтетін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елордалық команда С тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Динамо Загреб» (Хорватия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Балкани» (Косово).
Айта кетсек, биыл «Астана» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Динамо Загребпен» кездессе, «Виктория Пльзень» Конференция лигасы плей-офф сатысында қостанайлық «Тобылдың» қарсыласы болған еді.
Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:
А тобы: «Лилль» (Франция), «Слован» (Чехия), «Олимпия» (Словения), «Клаксвик» (Фарер аралдары).
В тобы: «Гент» (Бельгия), «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), «Заря» (Украина), «Брейдаблик» (Исландия).
С тобы: «Динамо Загреб» (Хорватия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Астана» (Қазақстан), «Балкани» (Косово).
D тобы: «Брюгге» (Бельгия), «Будё-Глимт» (Норвегия), «Бешикташ» (Түркия), «Лугано» (Швейцария).
E тобы:«Алкмаар» (Нидерланд), «Астон Вилла» (Англия), «Легия» (Польша), «Зриньски» (Босния және Герцоговина).
F тобы: «Ференцварош» (Венгрия), «Фиорентина» (Италиия), «Генк» (Бельгия), «Чукарички» (Сербия).
G: «Айнтрахт» (Германия), ПАОК (Грекия), ХИК (Финляндия), «Абердин» (Шотландия).
Н тобы: «Фенербахче» (Түркия), «Лудогорец» (Болгария), «Спартак Трнава» (Словакия), «Нордшелланн» (Дания).
Айта кетсек, «Астана» алдымен Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.
Ал Еуропа лигасында Болгарияның «Лудогорец» клубына (2:1, 1:5) есе жіберді.
Ал Конфренция лигасы плей-офф сатысында Албанияның «Партизани» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырды.
Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қыркүйекте өткізілсе, екінші тур - 5 қазан. үшінші тур - 26 қазан, төртінші тур - 9 қараша, бесінші тур - 30 қараша, алтыншы тур - 14 желтоқсан күндеріне белгіленген.
Ал 1/16 финал 2024 жылдың 15-22 ақпан күндері өткізілсе, 1/8 финал - .7-14 наурыз, 1/4 финал - 11-18 сәуір, жартылай финал - 2-9 мамыр күндеріне белгіленген.
Финал 29 мамырда өткізіледі. Әзірге өтетін орны анықталған жоқ.