$ 449.58  486.94  4.86

"Қазақстан Инжиниринг" төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

"Қазақстан Инжиниринг" Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков ұсталды деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

"Қанат Сұлтанбеков 2017 жылдың 16 сәуіріне дейінгі уақытқа 2 айға қамауға алынды. Бұл шешімді 18 ақпан күні Есіл аудандық №2 соты шығарған". - деп мәлімдеді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Қанат Сұлтанбеков уақытында Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2009-2014 жылдар аралығында Астана әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары