$ 448.56  478.03  4.79

Алматылық жүргізуші көлігімен 8 жасар қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Алматы полициясы 8 жасар қызды көлігімен қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні іздеп жатыр деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 22 ақпан күні кешкі сағат 19:03-те Mazda-626 маркалы көлікті тізгіндеген белгісіз тұлға Тәуелсіздік көшесімен келе жатып, №185 орта мектептің қарсы бетінде 8 жасар қызды қағып кеткен. Өкінішке қарай, кішкентай оқушы сол жерде көз жұмыпты. Ал, оны қаққан жүргізуші көмек көрсетудің орнына тоқтамастан қашып кеткен.

"Кішкентай қыз анасымен бірге болған. Әйел көліктің маркасы мен номерін жаттап үлгермепті. Қазір бұл іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егер қайғылы оқиғаға куә болған тұрғындар болса хабарласып, күдіктіні ұстауға көмектесуін сұраймыз", - дейді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Ерік Насырбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары