Эколог Солтүстiк Қазақстан облысындағы балықтардың жаппай қырылу себептерiне қатысты өз нұсқаларын ортаға салды, деп хабарлайды PetropavlovskNEWS.
Жамбыл ауданындағы Питное көлінде және Шал ақын ауданындағы Есіл өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактілері анықталды. Арнайы департаментаралық жұмыс тобы тексеру жұмыстарын бастады.
Зерттеу нәтижелерi бойынша Питное көліндегі балықтардың жаппай қырылуына өсiмдiктердiң ыдырауы кезiнде үзiлетiн күкiрттi сутегiнiң бөлінуі себеп болғаны аңықталды. Есіл өзені жағдайында балықтардың қырылуына судың жоғары температурасы себеп болды, бұл сол ортада еріген оттегінің азаюына алып келген.
Экологтар құзырлы органдарға екі су қоймасына да тұрақты мониторинг жүргізіп, экожүйені реттеу шарларын қабылдауды ұсынды. Көлге қатысты ұсыныстардың бірі оның жағалауындағы артық өсімдіктерді шабу болды.