$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жеке үй өртеніп, үш адам мерт болды

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін түнде Астана маңындағы жеке үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында үш адамның денесін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты. Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді, деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары