$ 494.87  520.65  4.91

Қонаевта балаларының туған күніне көкпар ұйымдастырған ер адам кешірім сұрады

Үлкен тас жол үстіндегі қауіпті жағдайды куәгерлер түсіріп алған.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

2 қыркүйек күні кешке Конаевта жылқы мінген шабандоздар республикалық маңызы бар тас жолға шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.

Үлкен тас жол үстіндегі қауіпті жағдайды куәгерлер түсіріп алған. Бұл туралы Алматы облысының полиция басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідег парақшасында мәлімдеді.

Полицейлер анықтағандай, К. есімді ер адам балаларының туған күніне орай қала шетінде көкпар ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары да қатысқан.

Шараны ұйымдастырушы мен қатысушылар анықталып, Қонаев полициясы бөліміне жеткізілді. Барлық тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 5-бөлігінің 434, 406, 590-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көкпар