Атырау облысында Toyota аударылып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте болған.
«Атырау-Индер тас жолының 18-шақырымы тұсында Toyota автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік апатына 1998 жылғы жүргізушінің көлікті басқару жүйесін игере алмағаны себеп болғаны анықталды. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері жол жиегіне аударылған автокөліктің жүргізушісіне аталған тас жолдың 17-шақырымы тұсында ескерту жасағаны анықталып отыр.