«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 4 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын ариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша найзағай күтіліп, екпінді жел соғып бұршақ күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақаталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.