3 қыркүйекте кешке белгісіз біреу қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне "бомба қойылғанын" хабарлаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды.
Алматы полициясының баспасөз қызметі 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскенін нақтылады.
Қаланың барлық жедел қызметтері дереу көрсетілген нысанға тартылды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты үйді екі сағатқа жуық тексерді, - деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Бірақ жарылғыш зат табылмаған.
Қазіргі уақытта аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүріп жатыр, деп жазды Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.2023 жылғы 18 шілдеде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне "жарылғыш зат қойылғаны" жөнінде хабарлама түскен. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.