$ 494.87  520.65  4.91

Ел өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады

Күндіз +10+20 градусқа дейін аздап жылынады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 градусқа дейін аздап жылынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары