$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстандықтардың орташа жасы белгілі болды

Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жасты құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, 2018 жылдан бері халықтың орташа жасы болмашы ғана артқан.

«Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалып отыр.

Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас.

Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.

Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас, ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары