$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда 9 жасар баланы автобус басып кетті

Оқыс оқиға өткен дүйсенбі күні Сейфуллин мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Алайда ол туралы ақпарат тек қазір ғана белгілі болып отыр, деп хабаралйды «7 арна».

Куәгерлердің айтуынша мектеп оқушысы аялдамадан 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікке мінбек болған екен. Алайда осы сәтте жүргізуші есікті жаппастан жедел қозғалып кеткен.

Салдарынан 9-жасар Борис Мусин жерге құлап, ауыр көлік таптап өте шыққан. Куәгерлердің сөзінше көлік тізгініндегі азамат жедел жәрдем шақыруға асықпапты. Керісінше өзінің кінәсіз екенін айтып ақталуда.

— Қалай түсіп қалғанын білмеймін. Салонға қарадым да боковой айнаға қарасам бала домалап жатыр екен. Қалай құлағанын байқамай қалдым, — дейді автобус жүргізушісі

Ауыр автобустың астында қалған балақайға алғаш болып кездейсоқ азаматтар жәрдемдескен. Оқыс оқиғадан Бористің екі аяғы бірдей жарақаттаныпты. Сондықтан ауруханаға жеткізілген сәтте көп қан жоғалтқан екен.

—  Екі күндей реанимацияда жатты. Бүгін палатаға ауыстырылды. Әзірге болашағын айтуға ерте. Мүмкін тағы екі операция жасалатын шығар,— дейді №1 қалалық клиникалқ балалар ауруханасы, сынық-жарақат бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Дархан Сұқбаев.

Ауыр жарақаттанған баланың әлі қанша күн төсекке таңылатыны белгісіз. Бірақ соған қарамастан жазатайым жағдайға тап болған Бористің анасы полицияға шағым түсірді. Қазір бұл іспен қалалық жол полициясы басқармасы айналысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары