Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының колониясындағы сотталушыны азаптау дерегіне қатысты тергеу жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде әскери киім киген жеті адамның түрмедегі сотталушыны дәретхана жуудан бас тартқаны үшін жабыла соққыға жығып, азаптау әдістерін қолданған видеосы тараған болатын.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желіде тарап кеткен видеодағы оқиғаның заңды талаптарға бағынбау кезінде болғанын айтты.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалар бойынша Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарға бағынбау фактілерінің жолын арнайы құралдарды қолдана отырып кесуі кезінде қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану белгілері байқалатынын хабарлаймыз.
Қазіргі кезде осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.
Комитет өкілдері тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатынын айтты.