$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда суши сатушы есірткі жасырумен айналысқан

34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркеттер желісінің басшысы болып жұмыс істеген.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырғандарды 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркеттер желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы ер адам оған заңсыз істе көмектесіп отырған. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Белгілі болғандай, олардың тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізу кезінде барлығы 692 грамм «мефедрон» синтетикалық препараты табылып, тәркіленді.

Қаскөйлердің әрекеті ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша сараланды, яғни, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында, аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы. Сот қылмыстық топтың екі негізгі мүшесін 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деді ол.

Дереккөз BAQ.KZ 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары