$ 449.58  486.94  4.86

"Қазавтожол" ұлттық компаниясының СҚО-дағы басшысы парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының басшысы А.Жанкин пара алды деген күдікпен ұсталды деп жазады Хабар-24.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

4 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз сыйақыны ол Ұлттық қордың есебінен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауды жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қамқорлық жасау үшін алған. А.Жанкин Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары