$ 444.22  476.38  4.82

Венесуэлалық шаңғышы әлем чемпионатында жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан шаңғы спорт түрлерінен әлем біріншілігіне қатысып жатқан венесуэлалық Адриан Солано көрермендерді күлкіге қарық қылды. Латынамерикалық шаңғышы 10 шақырымдық сайысты сол күйі аяқтай алған жоқ. Шаңғы спортына мүлдем икемі жоқ спортшы туралы бейнематериал YouTube порталында жарияланды.

Жарыс барысында Солано бірнеше рет құлап, оғаш қимылдарымен жұрттың көңілін көтеріп, ақыры 6,1 шақырым жүргеннен кейін жарыс жолынан шығып қалды. Бұл сәтте оның көшбасшыдан қалып қойған уақыты 38 минуттан асып кеткен болатын. Көрермендер оны қол шапалақтап шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары